Біз туралы
«SwissKazMed» — бұл Астананың нарығында фармацевтикалық препараттарды сату саласында қарқынды дамып келе жатқан жас компания. Біз Қазақстанның нарығына 2011 жылы беделі мінсіз еуропалық өндірушілердің анағұрлым тиімді дәрілік препараттарын жеткізу ұсынысымен келдік.
Біз медицина саласындағы тексерілген өндірушілермен және беделі мінсіз жеткізушілермен ғана жұмыс істейміз. Біздің компаниямыз жеткізетін барлық препараттар шетелде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сертификаттау және лицензиялау үдерістерін міндетті түрде өтеді. Біздің компания GDP (Good Distribution Practice) сертификациясынан өткен және ҚР СТ 1614-2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты. Тиісті дистрибьюторлық практика. Негізгі ережелері талаптарына сәйкес келеді.
Біз адами ресурстарға үнемдемейміз, сол себепті біздің кеңселерде сізге жоғары санатты және арнайы дайындалған, жеткізушілер компанияларында оқыған және тренингтерге қатысқан мамандар құзыретті кеңес береді.
Біздің миссиямыз
«SwissKazMed» — алдыңғы қатарлы технологиялармен және өнімдермен жұмыс істейтін заманауи кәсіпорын. Біз үшін ең маңыздысы – Қазақcтанның барлық емделушілерінің ауруды емдеудің ең тиімді және жаңа препараттары мен емдеу тәсілдеріне қолжетімдігін қамтамасыз ету.
Неге бізді таңдайды?
- Жоғары білікті қызметкерлер;
- Ұзақ мерзімді тәжірибе;
- Сенімділік;
- Сапа;
- Брендтен хабардар болуы;
- Өндірушілермен тікелей ынтымақтастық;
- Кең тарату және логистикалық желі;
- Жеңілдіктердің икемді жүйесі;
- Қазақстан бойынша тиісті профиль бойынша дәрігерлердің толық деректер базасы;
- Тиімді маркетинг.
Перспективалары және мақсаттары
«SwissKazMed» жаңа дәрі-дәрмектерді кең пішімде жеткізуде. Біздің мақсатымыз жеткізушілермен, сондай-ақ ТМД нарығындағы әлеуетті сатып алушылармен де ынтымақтастық желісін кеңейтуге негізделеді. Осы мақсатқа жету үшін SwissKazMed дәрігерлері мен мамандары медицина және фармацевтика саласындағы халықаралық конференциялар мен көрмелерге міндетті түрде қатысады және өздердің біліктілігін үнемі арттырады.