Жоғары қан қысымы жүрекке шамадан тыс күш түсіреді және уақыт өте келе жүректің оң жақ жартысының тоқтап қалуына әкеп соғады.
Өкпе артериясының гипертензиясы – өкінішке орай, емделуге келмейтін өте күрделі ауру. Алайда, қазіргі таңда осы ауруға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартуға көмектесетін терапияның көптеген түрлері бар.
Өкпе артериясы дегеніміз не?
Өкпе артериясы – бұл құрамындағы оттегі төмен мөлшердегі қанды кішкентай артериялары мен капиллярлары бар жүректің оң жақ төменгі бөлігінен (оң жақ қарынша) өкпеге тасымалдайтын қан жүретін тамырлар.
ӨАГ кезінде не болады?
Осы капиллярларда қан оттегімен қанығады және жүректің сол жақ бөлігіне қайтадан бағытталады, сол жерден бүкіл денеге таралады және оны ағзаның барлық жасушаларына жеткізеді. Оттегінің жетіспеуі гипоксияны тудырады, ал ол ағзадағы әртүрлі патологиялық өзгерістерге әкеп соғады. Бұл өзгерістер өз кезегінде ӨАГ дамуын күшейтеді және ақаулық шеңберінің дамуына әкеп соғады:
• оның айналасындағы бұлшықеттерге күш түсу салдарынан қан тамырларына тарылады, бұл «вазоконстрикция» терминімен сипатталады.
• бұлшықет массасының ұлғаюы салдарынан қан жүретін тамырлардың пішіні мен қалыңдығы өзгереді, қабыну салдарынан қан жүретін тамырлардың қабырғалары ісінеді.
• қан жүретін тамырларда шағын ұйысқан қан (тромб) түзіледі.
Өкпе артериясының гипертензиясы кімде кездеседі?
Өкпе артериясының гипертензиясына жасына, жынысына немесе нәсіліне қарамастан, кез-келген адам шалдығуы мүмкін. Алайда көбінесе 30–50 жас аралығындағы әйел адамдарда кездеседі.
Өкпе артериясының гипертензиясының қандай симптомдары бар?
Демігу, әсіресе дене шынықтыру кезінде демігу – бұл ең алғашқы және басты симптомы. Бұл сіз жеткілікті мөлшерде ауа жұта алмайтын күйде болғандай сезілуі мүмкін. Адамның күйі нашарлау шамасына қарай мынадай симптомдар дамуы мүмкін: тез шаршау, әлсіздік, бас айналу, тахикардия (жүректің жиі соғуы), кеуде қуысының қысылуы, аяқтардың ісінуі, аяқ-қолдардың цианозы (көгеруі), асцит (құрсақ қуысындағы сұйықтық).
Алайда ӨАГ ерте кезеңде диагностикалау өте қиын, себебі оның өзіне тән белгілері жоқ және жүрек пен өкпенің өзге ауруларына ұқсас. ӨАГ диагностикалау – бұл өзге ауруларды болдырмаудың жолы деуге болады.
ӨАГ емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау қажет, оны ерте кезеңінде анықтау өте маңызды.
Өкпе артериясының гипертензиясының қандай типтері бар?
1. «Идиопатиялық» өкпе гипертензиясы – бұл шығу тегі беймәлім өкпе гипертензиясы.
2. Өкпе артериясының «тұқым қуалайтын» гипертензиясы – ауру жанұяңыздағы генетикалық мәселелердің салдары болып табылған кезде туындайды. ӨАГ-на кейбір гендердің әсер ететіні анықталды және оларды зерттеу шамасына қарай емдеу жетілдірілуі мүмкін. ӨАГ-мен байланысты анағұрлым маңызды генетикалық мутациялар BMPR2 геніне қатысты, оның құрамында өкпе артериясының жасушаларының беткі жағында орналасқан протеиннің коды бар.
3. Өкпе артериясының байланыстырылған гипертензиясы – басқа ауруларға шалдыққан емделушілерде дамиды. Аурулардың бұл тобына жүректің туа біткен ақаулары (ТБЖА), байланыстырғыш ұлпаның аурулары (склеродермия, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ), ВИЧ-инфекция және басқалары жатады.
Жүдеуге арналған дәрілерді, кокаинды және амфетаминдерді қабылдау өкпе артериясының гипертензиясы ауруына шалдығу тәуекелін арттырады.
Өкпе артериясының гипертензиясын қалай диагностикалауға болады?
Өкпе артериясының гипертензиясын диагностикалау үшін дәрігерлер бірқатар талдаулар жүргізеді, олардың көбісі ұқсас симптомдары бар ауруларға жол бермеу үшін пайдаланылады.
Содан кейін қосымша талдаулар, соның ішінде өкпені атқарымдық сынау, салмақ түсіру арқылы сынау және қан талдауларын жүргізуге болады.
ЭКГ (электрокардиограмма): Сіздің жүрек соғысыңыздың жылдамдығын өлшейді, жүрегіңізде қандай да бір ақаулықтардың бар-жоғын анықтайды.
Егер Сізде өкпе артерияңыздың гипертензиясы болса, онда ЭКГ жүрегіңіздің оң жақ бөлігіндегі мәселелерді анықтайды.
Кеуде қуысының рентген суреті жүректің оң жақ бөлігінің немесе өкпе артериясының ұлғаймағандығын көрсетеді. Бұл сондай-ақ басқа өкпе және жүрек ауруларын болдырмауға көмектеседі.
Эхокардиография (жүректі УДЗ) жүректің өлшемдерін анықтауға, өкпе артериясындағы қысымды жанама анықтауға мүмкіндік береді.
Жүректің оң жақ бөлігін зондтау
Бұл тәсіл ӨАГ диагнозын қою үшін эталондық тәсіл болып табылады.
Жүректің оң жақ бөлігіндегі және өкпе артериясындағы қан қысымы өте дәлдікпен өлшенеді. Сонымен қатар, жүректің оң жақ бөлігі қанды қаншалықты жақсы айдайтынын көреді. Өкпе артерияларындағы орташа қан қысымы тыныштық күйінде 14 мм сын. бағ. болады. Алайда ӨПГ кезінде ол 25 мм сын. бағ. асады.
Бұл тәсіл кардиохирургиялық орталықтардың мамандандырылған бөлімшелерінде ғана жүргізіледі.
Өкпе артериясының гипертензиясын қалай емдеуге болады?
Өкпе артериясының гипертензиясын толық емдеуге болмаса да, соңғы онжылдық ішінде ауруды зерттеу айтарлықтай ілгерілеуде, бұл оны емдеуді анағұрлым жақсартты.
Заманауи емдеу Сізге ұзақ уақыт күш түсуге шыдауға, өмірді ұзартуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Дәрілік тәсілдердің көбісі өкпе артериясын оқшаулауға және қысымды арттыруға әкеп соғатын үдерістерді тоқтатуға немесе олардың қарқындылығын азайтуға бағытталған.
Әртүрлі адамдар үшін әртүрлі емдеу тәсілдері қажет, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері әзірленуде және тексерілуде. Дәрігерлер ауруды тұрақтандыруға бағытталған арнайы терапияның бірнеше дәрілік препараттарын қабылдауға кеңес береді.
Өкпе артериясының гипертензиясымен өмір сүру
«Өкпе артериясының гипертензиясы» диагнозы ауруды немесе мәселелерді сезіндіргенге дейін Сізге толыққанды өмір сүруге кедергі жасамайды. Алайда ауру белгілері неғұрлым ауыр болса, Сіздің мүмкіндіктеріңіз соғұрлым азырақ болады.
Сіз дәрі-дәрмек қабылдамай-ақ осы аурудың белгілерін жеңілдету үшін көп нәрсе жасай аласыз:
- Тағамды аз тұз салып әзірлеуге;
- Ішетін сұйықтықтың көлемін қадағалауға;
- Күніне 3 рет тамақтануға;
- Отырып, асықпай тамақтануға;
- Инфекцияға жол бермеу үшін тістеріңізді жүйелі түрде тазалауға;
- Күні бойы демалу үшін үзілістерді жоспарлауға;
- Дәрі-дәрмектеріңізді дайындауға және жүйелі түрде қабылдауға;
- Дәрі-дәрмекті белгіленген уақытта қабылдау үшін күнделік жүргізуге;
- Қосымша дәрілеріңіз бар екендігіне көз жеткізуге;
- Жаңа емдеу тәсілдері туралы ақпарат жинауға;
- Жаңа препараттардың жанама әсерлері туралы білуге;
- Төтенше жағдай орын алған кезде қоңырау шалу үшін Өз дәрігеріңіздің байланыс деректерін білуге;
- Үйден алыс болған кезде пайдалану үшін қажеттінің барлығын алдын-ала дайындауға;
- Өмірге деген құлшынысты жоғалтпауға;
- Арнайы маманның психологиялық көмегін алуға;
- Инфекцияға жол бермеу үшін вакцинациядан өтуге тырысыңыз.
- Биікке көтерілуге;
- Жарылай фабрикаттардан жасалған тағамға;
- Темекі шегуге және алкогольге;
- Жүктілікке (себебі бұл жүрекке көп салмақ түсіреді);
- Адам көп жиналатын жерге баруға;
- Вирустық инфекцияға шалдыққан адаммен байланысқа түсуге;
- Үлкен дене күшін түсіруге жол бермеген жөн.