Енгізу орындары
Түтікшелерді, дренаждарды, ортопедиялық білтелерді (Хоффман аппараты), тамыр ішіне енгізетін жүйелерді, инелерді, орталық катетерлерді және күре тамырларға периферийлік катетерлерді енгізу орындары.
Mepore Iv, C Y-кесілуімен Mesoft қағаз майлықтары, Lyofoam Maxты пайдалану ұсыналады.
Шірік жарақаттар
Шірік ұлпа – бұл бактериялардың таралуы үшін мінсіз сай келетін орта болып табылатын және жазылуды тежейтін өлі, өміршең емес васкулярлық ұлпа.
Шірік ұлпа құрғақ және қара түсті немесе тұтқыр және сары түсті болуы мүмкін, кейде жарақатта шірік ұлпаның екі түрі де болуы мүмкін. Шірік ұлпаны кетірмей, жарақаттың жазылуына жету мүмкін емес.
Mepilex Ag, Mepilex Border Ag, Mepitel, Mepitel One, Aldress, Mextra Superabsorbent, Mesorb, Lyofoam Maxты пайдалану ұсыналады.
Беткі жарақаттар
Беткі жарақаттар терінің беткі қабаты (эпидермисі) зақымдалған кезде түзіледі.
Mepore , Mepore Pro, Mepore Roll, Mepore Film, Mefixті пайдалану ұсыналады.
Иіс шығатын жарақаттар
Жарақаттан жағымсыз иіс шығуының көптеген себептері бар. Иіс жарақатта шірік ұлпаның болуымен және (немесе) жарақаттың инфекциялануымен түсіндіріледі. Жарақаттан иіс шығу емделуші үшін психологиялық және әлеуметтік мәселеге айналуы да ықтимал.
Mepilex Ag, Mepilex Border Ag, Mepitel, Mepitel One, Aldress, Mextra Superabsorbent, Mesorb, Lyofoam Max, Mesalt, Melgisorb Agты пайдалану ұсыналады.
Қабыршақталған жарақаттар
Қабыршақталған жарақаттар сары немесе қара-сары түсті шірік ұлпадан тұрады, оларды кетіру қажет. Терінің баздануына жол бермеу үшін жарақаттың айналасынана жарақат экссудатын шығару қажет.
Mepilex Ag, Mepilex Border Ag, Mepitel, Mepitel One, Aldress, Mextra Superabsorbent, Mesorb, Lyofoam Max, Mesalt, Melgisorb Agты пайдалану ұсыналады.
Тыртықтар
Тыртық байланыстырғыш ұлпаның коллагендік талшықтарынан тұратын тығыз түзілім болып келеді.
Келоидтық немесе гипертрофиялық тыртықтар коллагеннің артық өнімінің нәтижесінде түзіледі және косметикалық мәселе тудыруы мүмкін.
Жарақат жазылған жағдайда алғаш созылуға қарағанда, қайталама созылу әдетте айтарлықтай байқалатын тыртық ретінде дамиды.
Гипертрофиялық және келоидтық тыртықтар
Гипертрофиялық және келоидтық тыртықтар – ота жасалғаннан кейін, жарақаттан, қабынудан, вакцинациядан немесе күйіктен кейін жарақаттардың жызылуы нәтижесінде қалатын тыртықтар. Әдетте дененің беткі қабатында қалып қоятын бұл тыртықтар қызыл түсті, пішіні арқан тәрізді, консистенциясы қатты болады, қышытады. Гипертрофиялық және келоидтық тыртықтардың айырмашылығы – бұл уақыт өте келе келоидтық тыртықтар өлшемдерінің ұлғаюы.
Mepiformды пайдалану ұсыналады.
Тыртықтарды емдеу
Тәжірибеде гипертрофиялық және келоидтық тыртықтарды емдеудің көптеген тәсілдері қолданылады:
• Хирургиялық
• Кортикостероидтардың инъекциясы
• Силикондық гель жағу
• Компрессиялық терапия
Клиникалық сынаулардың нәтижелері бойынша силикондық жабын қауіпсіз және гипертрофиялық және келоидтық тыртықтарды емдеген кезде тиімді.
Mepiform® – жұмсақ силикондық қабаты бар білінбейтін, жіңішке және ыңғайлы таңғыш. Халықаралық ұсыныстарға сәйкес, силикондық жабыны бар таңғыштар гипертрофиялық және әлсіз айқындалған келоидтық тыртықтарды емдеген кезде ұсынылады.
Емдеу
Safetac® жабыны бар Mepiform® таңғышының әсерімен хирургиялық араласудан кейін пайда болған тыртықтар (мысалы, кесілген жерлер және күйіктер), сондай-ақ гипертрофиялық және келоидтық тыртықтар тегістеледі, тығыздығы азаяды, боямасының қарқындылығы және тыртықтың айқындылығы азаяды. Сондай-ақ Mepiform® қатты тыртық қалыптасқан кезеңде профилактика мақсатында бір жыл бойы пайдалануға болады.
Тігілген жарақаттар
Хирургиялық кесінділерді немесе кесілген жарақаттарды көбінесе тігеді.
Mepore , Mepore Pro, Mepore Roll, Mepore Filmді пайдалану ұсыналады.
Экссудирлеуші жарақаттар
Кез-келген жарақат қандай да бір шамада экссудат бөліп шығарады. Бөлініп шығарылатын экссудаттың негізінде экссудацияның төмен, орташа немесе жоғары деңгейі бар жарақаттарды айрықшалауға болады. Аяқтардың күре тамырларының ойық жарасы сияқты кейбір жарақаттар күшті экссудирленген болып табылады.
Mepilex Ag, Mepilex Border Ag, Mepitel, Mepitel One, Aldress, Mextra Superabsorbent, Mesorb, Lyofoam Max, Mesalt, Melgisorb Agты пайдалану ұсыналады.
Инфекцияланған жарақаттар
Инфекцияланған жарақаттардың клиникалық белгілері болып ауру, эритема, ісіну, температураның жергілікті артуы, экссудаттың күшті бөлініп шығуы және жағымсыз иіс табылады; жарақаттың жазылу үдерісі бұзылады.
Mepilex Ag, Mepilex Border Ag, Mepitel, Mepitel One, Aldress, Mextra Superabsorbent, Mesorb, Lyofoam Max, Mesalt, Melgisorb Agты пайдалану ұсыналады.